Атырау, 25 қараша 20:17
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сәпиевтің бапкері Идрисовтың қазасына байланысты өз ойын айтты

1 328 просмотра

Александр Стрельников. Фото vk.com сайтынан алынды.Александр Стрельников. Фото vk.com сайтынан алынды.ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан ұлттық құраманың бапкері және Серік Сәпиевтің жеке бапкері Александр Стрельников бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы Эмиль Идрисовтың қазасына байланысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, 15-жастағы былғары қолғап шебері 11 тамыз күні Алматыдағы жекеменшік аурухананың жансақтау бөлімінде қаза болған еді.

"Бұл біз үшін өте қайғылы оқиға. Шыны керек, соңғы рет мұндай оқиға қашан болғаны есімде жоқ. Мұндай жағдай бокста өте сирек болады. Спортшы медициналық тексерістен өтпеген шығар, әлде ол турнирдің алдында алған бас ми жарақатын жасырып қалуы мүмкін. Бірақ, бір соққыдан спортшының қайтыс болуы мүмкін емес. Оның бұған дейін алған жарақаты турнир барысында асқынып кетуі ғажап емес. Егер ол шынында бұған дейін жарақат алған болса, онда емделіп, өзіне көп жүк артпау керек еді", - дейді  Александр Стрельников.

Еске салайық, шілденің 5-күні Алматы облысының Үшқоңыр ауылында өткен Президент кубогы үшін додада Эмиль естен танып, құлаған болатын. Бұл турнирде ол өз салмағының анық фовариті еді. Турнир барысында спортшының денсаулығынан ешқандай да ақау байқалмайды. Ол тіпті қарсыласын нокдаунға да жіберген. Бірақ, дәл сол раундтан кейін ол есінен танып қалады.

Марқұмның туыстары жарыс өткен мәдениет үйінің іші ыстық болып, желдеткіштердің істемегенін айтып, шағымданды. "Егер ол шын мәнінде ауыру болса мұндай нәтижеге қол жеткізе алар ма еді? Ол 2013 жылғы Қазақстанның чемпионы. Егер расымен ол ауырған болса, онда 15 жасында бойы мұнша бойшаң, денсаулығы мықты болмас еді", - дейді "Жетінші арнаға" берген сұхбатында Эмильдің әкесі Яша Идрисов. 

Ал Эмиль Идрисовтың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз болып тұр. Кеше туыстары оның денесін туған жері Жамбыл облысының Мерке өңіріне алып кетті.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 тамыз 2014, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.