Атырау, 25 қараша 20:17
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанның бірқатар министрлігінің жауапты хатшылары тағайындалды

2 014 просмотра

АСТАНА, 13 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімдерімен бірқатар министрліқтің жауапты хатшылары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының өкімдеріне сәйкес, Данияр Валерьевич Вагапов  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды; бұрынғы атқарған қызметтерінен босатыла отырып: Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне;  Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы  қызметіне; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар президенттің өкімдерімен Серікбол Рахымқанұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Замир Садықұлы Сағынов Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Анатолий Григорьевич Дерновой Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Бек Кәрімбекұлы Арпабаев Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Нұрлан Әбітқанұлы Әбді Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы қызметінен; Төлеген Төлеуханұлы Ысмайылов Қазақстан Республикасы Дін істері  агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиев Қазақстан Республикасы Статистика  агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Қарлығаш Ғазизқызы Кәкен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Рүстем Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу  агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен; Ерғазы Мейірғалиұлы Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;  басқа жұмысқа ауысуына байланысты Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Дереккөз: newskaz.kz

13 тамыз 2014, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.