Атырау, 25 қараша 20:44
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы экологиясы жедел шешімді талап етеді

7 843 просмотра

Астана. 13 тамыз. Baq.kz –Алматы қаласының атмосферадағы ластанған уытты заттардың санын азайтуда және тұрғындар денсаулығын жақсарту үшін санитарлық-сауықтыру мен табиғатты - қорғау іс-шаралар кешені жүргізіледі деп хабарлайды «Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» кәсіпорынының баспасөз қызметі.

 -Алматы қаласындағы атмосфералық ауа сапасының мәселелері өте қиын. Мегаполистің табиғи-климатикалық қызметі жер астындағы атмосфера қабығына ластанған заттардың артық жиналуы, смоганың пайда болуы дағдылы жағдай. Қала ауасының ластануы тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер етеді және жедел шешімді талап ететін экологиялық өзекті мәселелердің бірі,-дейді санэпидсараптама сұрақтары бойынша директордың орынбасары Ж. Сандықпаев.

«Атмосфера ауасының ластануын бақылау қаланың әртүрлі әкімшілік аудандарында жүргізілді. Біздің зерттеулеріміз бойынша 2013-2014жылдар аралығында атмосфера ауасынан 25 ластанған зиянды заттар анықталды. Оның 11 қауіпті І-ІІ класқа жатады» дейді ол.

Алматы қаласында атмосфералық ауаның ластануына бірден-бір себепкер автокөліктер мен әр түрлі саладағы өнеркәсіп-стационарлық кәсіпорындарынан шығатын қалдықтары. Атмосфералық ауаға жан-жақтан күкірт диоксиді , шаң-тозаң , көмірқышқыл оксиді, азот оксиді, формальдегид, қара көміртегі, металл оксиді түсіп ластайды.

Дереккөз: baq.kz

13 тамыз 2014, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.