Фото: medizina-vsem.ruАстана. 13 августа. КазТАГ – ҚР-да санэпидемиологтар Эбола безгегі бойынша жайсыз елдерден келген суденттер тізімін жасақтауды ұсынуда, деп хабарлады ҚР тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі (ТҚҚА).
«Қазақстан Республикасының сыртқы істер минисрлігіне Эбола безгегі бойынша жайсыз елдерге сапарлатып келген тұлғалардың тізімін беру мен білім және ғылым министрлігіне аталған елдерден келіп қазақстандық оқу орындарында оқитын студенттер тізімін беруде жәрдемдесу сұранымы жасалды», - делінген сәрсенбіде таратылған ТҚҚА хабарында.
Көрсетілгендей, Қазақстан әуежайында Эбола безгегі тараған елдерден келген тұлғаларды санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген (байланыссыз теплодидар арқылы бақылау).
Жыл басынан бері мемлекеттік шекараның өткізу бекеттерінде 978 418 астам адам тексеріліп, олардың ішінен ауру белгілері бар тұлғалар анықталмады.
Эбола безгегі тараған елдерге барған тұлғалар мен жолсеріктеріне санитарлық-бақылау бекеттерінің қызметкерлері аурудың алдын алу шаралары туралы нұсқау беруде.
Республиканың барлық облыстары мен аудандарында Эбола дерті мен өзге де инфекцияларды кіргізу жағдайларына байланысты жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
Аса қауіпті жұқпалы дерттерді, оның ішінде геморрагиялық Эбола безгегі мен тәж вирусын анықтаған жағдайда алғашқы эпидемияға қарсы және алдын-алу шараларын жүргізуге 1068 емдеу-алдын алу мекемелерінің дайындығы тексерілді.
Халық үшін 481 дәріс ұйымдастырылып, оқылды, 12695 кеңес өткізілді, 16 939 үлестірме қағаздар таратылды. Барлығы 214 639 адам санитарлық-түсіндірме жұмыстарымен қамтылды.
Дереккөз: ҚазТАГ