Атырау, 2 қазан 09:33
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қазақстан мұнайдың жайылуына әрекет ету бойынша Тегеран конвенциясына хаттаманы әлі ратификацияламады

1 370 просмотра

Ақтау. 13 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан мұнайдың төгілуіне әрекет ету бойынша Тегеран конвенциясына хаттаманы әлі ратификацияламады, ол хаттама бойынша нақты жұмыстарды бастауға мүмкіндік бермейді, деп хабарлады Тегеран конвенциясымен өзара іс-қимыл бойынша қазақстандық өкіл Серік Ахметов.

«Каспий маңы елдерінде Тегеран конвенциясы бойынша жұмыс істейтін ұлттық жоспарлар жасалған. Өкінішке қарай, Маңғыстау облысының басшылығы мен депутаттары үкімет алдында бұл мәселені бірнеше рет көтергеніне қарамастан бізде бұл жоспар әлі де болса жасалған жоқ. Ақтаулық хаттаманы қазақстандық тарап ратификацияламағандықтан ол хаттама аясында нақты жұмыстарды бастауға мүмкіндік жоқ», - деді Каспий күніне орай Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғау және сақтау проблемаларына арналған сейсенбідегі дөңгелек үстелде С. Ахметов.

«Мен мәселе жақын арада шешіледі деген үміттемін. Мәселе өте күрделі - біз мұнайдың төгілуіне қарсы әрекет жасауымыз керек. Каспий маңындағы 4 елдің әр қайсында ұлттық жоспар бар, алайда бізде ортақ жоспар жоқ. Бүгінде оны сарапшылар жасақтады және ол мақұлдаудың соңғы кезеңінде», - деп толықтырды ол.

Ол атап өткендей, ағымдағы жылы Тегеран конвенциясы хатшылығының орналасатын жері белгілі болды. Ол Женевадан Каспий маңы аймағына көшіріледі. Латын әліппесі ретімен Тегеран конвенциясының хатшылығы әр төрт жыл сайын өзінің орналасқан жерін ауыстырады.

«Келер жылдан бастап ол Бакуде (Әзірбайжан) орналасады, кейіннен Иранға, содан соң Қазақстанға ауысады. Үкімет хатшылықтың орналасатын жерін Ақтау деп шешеді деген үміттемін», - деп толықтырды С. Ахметов.

Тегеран конвенциясына мұнайдың төгілуінен туындайтын Қаспий теңізін ластау жағдайларына қарсы әрекет ету және ынтымақтастық туралы хаттамаға 2011 жылы Ақтауда қол қойылған. Құжатты барлық Каспий маңы елдері - Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей мен Түркіменстан қабылдады және Ақтаулық деп атады. Қазақстаннан басқа мемлекеттер аталмыш хаттаманы ратификациялады.

Дереккөз: ҚазТАГ

13 тамыз 2014, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.