Атырау, 25 қараша 19:35
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елбасы Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасарымен екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады

1 426 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Н.Ә.Назарбаев Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары - сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Түрікменстанның біздің елге жақын әрі бауырлас мемлекет екенін атап өтті.

«Біз әрдайым саяси-экономикалық жақсы қарым-қатынаста болдық және оны әрі қарай жалғастыруға дайынбыз. Қазір маңызды жоба - Қазақстаннан Түрікменстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына шығатын теміржол құрылысын аяқтау күтіліп отыр. Ол аяқталысымен бүкіл өңірдегі сауда қатынастары мүлде жаңа деңгейге көтеріледі», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Р.Мередов Президент Гүрбангулы Бердымухамедовтың жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржолы құрылысының барысы туралы әңгімелеп, оны іске қосудың әуелгі мерзімі жөнінде хабардар етті. Сонымен қатар Р.Мередов сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық, отын-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты іс-қимылдардың дамуын атап өтті.

Дереккөз: inform.kz

12 тамыз 2014, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.