Атырау, 25 қараша 19:53
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назарбаев: Санкция алмасудың қатаюы - тығырыққа тірелу

1 305 просмотра

Фото: delovoimir.kzФото: delovoimir.kzНұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлемде болып жатқан келіспеушіліктерді шешудің бейбіт жолдарын іздеуді тоқтатпауға шақырды. Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс пен Таяу Шығыстағы тұрақсыздық - ғаламдық дағдарыстың салдары. Президент өз мәлімдемесінде Ресей мен Батыс арасындағы санкциялық текетірес жайлы да атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл қиын уақытта жанжалдардың одан әрі үдеуіне жол бермеудің маңызы ерекше. Санкция алмасудың қатаюы - тығырыққа тірелу. Оны шешудің жалғыз баламасы - келіссөздер, барлық күрделі мәселе бойынша түйісу нүктесін табу. Қазақстан бұл баламаға иек артады және мүмкіндігінше ықпал етуге тырысады. Ең бастысы - келіспеушіліктерді шешудің бейбіт жолдарын іздеуді тоқтатпау қажет", - деді Мемлекет басшысы шетелдік дипмиссия басшылары оған сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін.

Ақордада өткен салтанатты шараға Малайзия елшісі Дато Хидайат бин Абдул Хамид, Эстония елшісі Яан Рейнхольд, Ливия елшісі Салим Абдурахман әл-Суейти, Иран елшісі Можтаба Дамирчилу, Тәжікстан елшісі Назирмад Ализода, Канада елшісі Шон Перри Стайл қатысты.

Президент бүгінде Қазақстанның шетелдік бизнестің индустриялық бағдарламаға қатысуы үшін қолайлы жағдай туғызып отырғанын атап өтті. Соның ішінде, 10 елдің инвесторларына визасыз тәртіп жарияланды және бұл тізім кеңейетін болады.

"Макроэкономикалық көрсеткіштер, біздің заңдарымыздың тұрақтылығы, елдегі саяси тұрақтылық, ішкі жалпы өнімнің 6%-ға өсуі, 100 млрд доллардан асатын халықаралық резервтер елде сенімді жұмыс істеуге негіз болады. Өздеріңіз байқағандай, сол үшін, бизнес-ортаны тиімді басқару үшін біз жинақы Үкіметті қалыптастырдық. Қазақстан шетелдік инвесторлардың индустриализацияға қатысуы үшін бірегей жағдайлар жасап отыр. Ол - төменгі салық, жеңілдіктер мен тұрақтылық", - деді Елбасы.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 тамыз 2014, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.