Атырау, 25 қараша 19:25
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

РФ енгізген санкциялар қазақстандық өнімнің кетісіне әкеліп соқтырмайды - Қазақстанның ет-сүт одағы

2 669 просмотра

Фото: Қазақстан жаңалықтары ААФото: Қазақстан жаңалықтары АААСТАНА, 11 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Ресейдің батыс елдеріне қатысты енгізген санкциялары қазақстандық өнімнің кетісіне әкеліп соқтырмайды, деп санайдые «Қазақстанның ет-сүт одағы» ЗТҰ төрағасы Иван Сауэр.

«Ресей бізге өз нарығын ашып отыр. Айта кетерлігі, бизнес қоғамдастықтағы ең басты проблемалар нарық іздеу, нарық үшін күресу және бәсекелестік екендігі түсінікті. Ал бұл ретте ресейлік тарап шлюзді ашып: «Келіңдер, жұмыс істеңдер» деуде. Мен барлығы да бұра тарып, ресейлік нарыққа ағылып, өз нарықтарын ұмытып кететіндігіне сенбеймін», - деді ол.

Осы ретте И.Сауэр «Родина» кәсіпорыны өзінің сүт өнімдерін Астанаға жеткізетінін атап өтті.

«Егер ертең бірлеулер Ресейде сүтті 10 пайызға қымбатқа сатуға болады десе де, біздің ол жаққа бармайтындығымыз анық. Өйткені біздің өз нарығымыз бар», - деді И.Сауэр.

Оның атап өтуінше, Ресей батыс елдері жеткізушілеріне қарсы енгізген санкциясынан кейін қазақстандық тауар өндірушілер үшін алып нарық ашылып отыр. Бірақ, оны Қазақстан толығымен жаба алмайды.

«Өйткені, бұл өте үлкен көлем әрі Ресей - әлемдегі азық-түлікті молынан импорттайтын ел», - деді ол.

Дереккөз: newskaz.kz

11 тамыз 2014, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.