Атырау, 2 қазан 09:28
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

«Гүльнар турдың» мыңнан астам туристері Түркияға авиабилеттерін қайта рәсімдеді

1 569 просмотра

Фото: Эйр АстанаФото: Эйр АстанаАСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен шілде айында Қазақстанның мемлекеттік органдары мен «Atlasjet Airlines» авиакомпаниясы арасында «Гүльнар тур» туристік компаниясының жолаушыларын  ақысыз қабылдау және тұрақты рейстермен тасымалдау туралы міндеттемелерді орындау жөнінде келісім жасалған болатын. 

 Осыған орай, «Atlasjet Airlines» аивакомпаниясының ақпаратына сәйкес, 2014 жылдың 7 тамызындағы жағдай бойынша Астанадан 150 жолаушы, Алматыдан 270 жолаушы тасымалданды. Жалпы авиакомпания «Гүльнар тур» компаниясының туристеріне 1100  авиабилетті қайта рәсімдеген. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (6 тамыздан бастап Инвестициялар және даму министрлігі) Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Atlasjet Airlines» ақпаратына қарағанда, авиабилеттерді қайта рәсімдеу бойынша тапсырыстарды қарау жалғасуда. Қазіргі күні 750 жолаушының авиабилеттерін қайта рәсімдеу жұмыстары қарастырылып жатыр.

Тоқтала кететін жайт, билеттерді қайта рәсімдеу үшін авиакомпанияның өкілдігіне өтініш беру керек, бұл ретте жолаушының авиабағыттарының төленгенін растайтын құжаттары, электрондық  билеттер мен қонақ үйлерге төлемді растайтын құжаттар (брон емес)  талап етілетін болады. Ал қонақ үйлердің төлемдерін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, жолаушы тасымалы жүргізілмеуі мүмкін.

«Atlasjet Airlines» авиакомпаниясы өкілдігінің мекенжайы:

Астана қ., Ғабдуллин көшесі, 18, блок Е, "7 Континент" ТК.

Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 66 (Абылайхан көшесімен қиылыста).

Ұшу бағыттары бойынша авиакомпания жауапты өкілдерінің байланыс телефондары: Астанада - 8 (7172) 55 55 44, 8 (7172) 96 81 23;

Алматыда - 8 (727) 272 0890, 8 (727) 317 4094;

«Тікелей желі» телефондары Қарағанды облысының әкімдігінде - 8 (7212) 42-06-89, 8775 329 45 55, 8 702 779 59 49;

Қазақстан Туристік Қауымдастығы телефондары: 8 (727) 272 4030, 8 (727) 272 5872, 8 (727) 272 4033;

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің «тікелей желісі»: 8 (7172) 74 91 63;

Анықтама: Астана қаласынан рейстер кестесі:

КК 761 Астана 04-00 Анталия 06-20 аптаның 1, 2, 4 күндері;

КК 760 Анталия 18-30 Астана 02-25 аптаның 1 ,3, 7 күндері;

Алматы қаласынан рейстер кестесі:

КК 758 Алматы 03-50 Анталия 06-45 аптаның 2, 5, 7 күндері;

КК 757 Анталия 18-30 Алматы 02-45 аптаның 1, 4, 6 күндері.

Дереккөз: inform.kz

11 тамыз 2014, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.