Фото: NUR.KZАлматы. 11 тамыз. ҚазТАГ – Израильде қарақшылық күдігі бойынша 35 жасар қазақстандық қамауға алынды, деп хабарлайды IzRus.
«Израильде мекендеу қағазы бар Қазақстан азаматы Айдар Қасымовты кешелі-бүгін Ха-Шарон округінің тергеушілері ұстады. Оның көлігін тінту барысында полицейлер екі тапанша («Берета» мен «Смит және Вессон»), тоқылған бас киімнен жасалған бетперде, пышақ, сондай-ақ толып жатқан ұрланған құнды заттар мен ірі ақша сомаларын тапты», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Агенттіктің мәліметінше, күдіктінің құрбандары егде жастағы ерлі-зайыпты мен жас қыз болған. Қыз биылдың мамырында Ход-ха-Шаронда тоналған – ол таң атпай кереуетінің басында тұрған бетперде киген ұрлықшыны көреді. Ол қызды байлап, сақинасы мен алқасын алып кетеді, сосын оны қылғындырып, үйде сейфтің қайда орналасқанын және оны қалай ашу керектігін айтуды талап етеді.
Екінші ұрлық 23 шілде күні Тель-Авивте үлкен жастағы отбасылық жұптың үйінде болған. Осыған дейінгі тәулік ішінде оларды тонап кеткен, бірақ, шамасы, ұрлықшы қайта оралған. Ол қарияларды байлап, сейфтің қайда екенін айтуды талап етіп, ұрып-соға бастайды.
Қазақстан азаматынан табылған бағалы бұйымдарды зардап шеккендер таныды. Бүгін прокуратура оған қарсы айыптау үкімін ұсынатын болады.
Дереккөз: ҚазТАГ