Фото: ИА Новости-КазахстанАСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа Лигасының плей-офф раундында кездесетін командалардың жеребесі тартылды.
Бұл кезеңге сәтті өткен «Астана» мен «Ақтөбе» командаларының қарсыластары анықталды. «Астана» футболшыларының жолы испандық «Вильярреалмен» түйіссе, «Ақтөбе» польшалық «Легиямен» ойнайды.
Қазақстандық екі команда да алғашқы ойындарын өз алаңдарында өткізеді. Бірінші матч 21 тамызда өтсе, қарымта кездесулер 28 тамызда болады.
Дереккөз: inform.kz