Фото: kapital.kzАстана. 8 тамыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Ағымдағы жылы мемлекеттік меншік нысандарын сатудан Т10 млрд түсіру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің мемлекетік меншік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов.
«Осы айда 21 нысанды сату жоспарлануда, желтоқсан айында 91 нысан сатылады, яғни ай сайын сатылатын мүлік саны артып отырады. Жыл аяғына дейін 295 нысан сатылу керек. Оның ішінде 75-ін ұлттық компаниялар, 126 нысанды - әкімдік және 75 нысанды әлеуметтік-кәсіпкерлік қауымдастықтар сатады. Сондықтан биыл біз (нысандарды сатудан – ҚазТАГ) 10 млрд теңге түсіруді жоспарлап отырмыз», - деді Э. Өтепов ҚазТАГ агенттігіне жұмада.
Бұған дейін ол 2013 жылдың 1 маусымы мен 2014 жылдың 8 тамызы аралығында мемменшігін сатудан Т1,2 млрд түскенін айтқан болатын.
Дереккөз: ҚазТАГ