Атырау, 25 қараша 19:57
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақтауда ескі үйлерді жою бағдарламасы бекітілді

1 956 просмотра

Фото: orif.suФото: orif.suАқтау. 8 тамыз. ҚазТАГ – Қалалық мәслихатта ескі үйлерді жоюды жүзеге асыру бағдарламасы бекітілді, деп хабарлады Ақтау әкімі Еділ Жаңбыршин.

«Ескі үйлердің тұрғындары көшірілетін жаңа үйлердің құрылысы үшін жеке инвесторлар тартылатын болады. осының өзінде эскиздік жобасы жасап қойылған. Ол қала құрастыру кеңесінде бекітілді. Жаңа үйдің құрылыс телімдері мердігерлерге бөлініп берілді», - деп хабарлады Е. Жаңбыршин жұмада.

Оның айтуынша, ескі тұрғын үйлерді жою бағдарламасы Ақтаудың 3-ықшам ауданынан бастап жүзеге асырыла бастады.

«Бұл процесте қатысуға кім құқылы болмақ, соны мердігерлерге қойылар талаптарды жасап шығардық, және де бұл жұмысты 4 ескі үй бойынша үшке бөліп тастадық, сосын оларды құлатып, орнына үй саламыз. Сөйтіп, 2020 жылға дейін біз бүгінде 3-ықшам ауданында бар ескі үйге қатысты барлық мәселелерді шешіп тастағымыз келіп отыр», - деді қала әкімі.

2014 жылдың басында қалалық әкімдікте тұрғын үй алуға кезекке тұру тізімінде 5526 адам тұрған, олардың 1798-і – халықтың әлеуметтік-осал қабаттары, соның ішінде 427-сі жетім бала, 48-і үйлері апатты болып танылған адамдар және 3253-і мемлекеттік мекемелер мен қала ұйымдарында жасайтындар. 

Дереккөз:ҚазТАГ

8 тамыз 2014, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.