Атырау, 25 қараша 19:38
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда құрастырылған жол талғамайтын көлік Ресей нарығына шығарылады

1 676 просмотра

Nomad жол талғамайтын көлігі. Фото: allurauto.kzNomad жол талғамайтын көлігі. Фото: allurauto.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - «AllurGroup» автомобильдік компаниялар тобы қазақстандық автокөлікті көршілес елдің нарығына шығармақ.

Жақын арада Қазақстанда шығарылған жол талғамайтын көліктер РФ нарығына жол тартады. Бұл автомобильдерді Ресейге жеткізу тәсілі стандартты экспорттаудан ерекшеленеді.

«Біз бұл мәселені оңтүстіккореялық серіктесіміздің арқасында шештік. Nomad жол талғамайтын көлігін Ресейге жеткізумен «SsangYong Motor Company» компаниясы айналысатын болады, ол мұны алдымен бізден көлікті сатып алу арқылы жүзеге асырады. Менің ойымша, біз қалыптасқан жағдайдың оңтайлы шешімін таптық», - дейді «AllurGroup» автокөліктер компаниясының президенті Андрей Лаврентьев.

«SsangYong Nomad» көліктерінің басты ерекшелігі - CKD әдісімен құрастырылуында және құнының бәсекеге қабілетті болуында.

Айта кетейік, бір жыл бұрын «SsangYong Motor Company»-дың Ресейдегі ресми өкілі «ДЦ СанЙонг» Қазақстанда құрастырылған оңтүстіккореялық маркалы автокөліктердің ресейлік нарыққа шығарылуына жол бермейтінін мәлім еткен еді. Себебі, «ДЦ СанЙонг» РФ аумағындағы аталмыш брендтің және «SsangYong» тауарлық белгісінің бірден бір иегері болып табылады, деп хабарлайды «AllurGroup» автомобильдік компаниялар тобынан.

Дереккөз: inform.kz

8 тамыз 2014, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.