Оралда «Орал Жан-Ойл» жанар-жағар май құю бекетінде жарылыс болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Жарылыс жерасты резервуарларына отын құйылатын жерде болған. Оның күшті болғаны соншалықты ЖЖҚС өкілі бірнеше метр жерге ұшып кетіпті.
«Зардап шеккен 1965 жылы туған азамат облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Ол жабық бас-ми жарақатын алған, жамбасы сынған және денесінің 20 пайызын күйік шалған», - деп көрсетті денсаулық сақтау басқармасы.
Қазір оқиға орнында тергеушілер мен өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмыс жасап жатыр.
Дереккөз: bnews.kz