Атырау, 25 қараша 19:43
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматы бұдан былай оралмандарды қабылдамайды

1 656 просмотра

Алматының көші-қон қызметі оралман мәртебесін алуға құжаттар қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды BNews.kz.

Биылғы жылдың 25 мамырынан бастап Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы оралман мәртебесін алуға құжаттар қабылдау бойынша жұмыстарды тоқтатты. Өйткені Алматы мен Астана қаласы оралмандар қоныстандырылатын өңірлердің тізімінен алынып тасталған.

«Үкімет оралмандар қоныстандырылатын өңірлерді бекітті, Алматы оған енгізілмеген. Енді Алматыда тұрғысы келетін этникалық қазақтар жеңілдетілген рәсім бойынша азаматтық пен тұрғылықты мекенжайынан рұқсат алуы керек. Алайда оралман мәртебесінен бұрын тұрғылықты мекенжайынан рұқсат алуы тиіс», - дейді Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы көші-қон бөлімінің басшысы Күлсім Ысқақова.

Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, 2013 жылдың шілдесінен 2014 жылдың шілдесіне дейін этникалық көші-қон мәселесі бойынша 624 адам жүгінген. Оның 315-сі оралман мәртебесін алуға өтініш берсе, қалғандарына көші-қон заңнамасы түсіндіріліпті. 2014 жылы 142 этникалық қазақ Алматыда оралман мәртебесін алған.

«Олардың басым бөлігі Өзбекстаннан келген, өзге де елдердің бірлі-жарым азаматы бар, дегенмен барлығы бірдей оралман мәртебесін алуға ұмтылмайды, көбісі уақытша тіркеу мәселесімен жүгінеді», - деп толықтырды К.Ысқақова.

Дереккөз: bnews.kz

7 тамыз 2014, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.