Атырау, 25 қараша 19:24
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Каспийдегі балық шаруашылығынан айырылып қалуы мүмкін – ҚР Бас прокуратурасы

3 048 просмотра

Асхат ДАУЫЛБАЕВ.Асхат ДАУЫЛБАЕВ.Браконьерлік пен балық аулау қарқынының толассыздығынан Қаспийде балық қоры мың есеге қысқарып отыр. Бұл туралы Қазақстан мен Ресей шекаралық прокуратура басшыларының екіжақты форумы барысында ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 «Соңғы жылдары Каспийдің экологиялық ахуалын қорғау мәселесінің өзектілігі артып отыр. Халықаралық браконьерлік пен бекіре мен басқа да балық түрлерін жаппай аулау осы балық түрлерінің ұрық шашу деңгейін азайтып, олардың мүлде жойылып кету қаупін туындатып отыр. Мұнда балық қоры үнемі көп болып, кезінде Кеңес одағының мақтанышы еді. Қазір қор мың есеге азайған. Соның кесірінен балық өнеркәсібін мүлде жоғалтып алдық деуге болады», - деді ол.

Оның айтуынша, халықаралық браконьерлік пен бекіре мен басқа да балық түрлерін жаппай аулау осынау заңсыз кәсіпті тансұлттық қылмыстың қатарына жатқызу үшін жеткілікті себеп бола алады.

«Осы орайда каспиймаңы елдері бақылау мен қадағалауды бірлесіп күшейткенде ғана бұл жұмыстар өз тиімділігін көрсете алады», - деп атап өтті А. Даулбаев.

Одан бөлек, бас прокурордың айтуынша, БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы мамандарының пікіріне сәйкес, Каспий теңізі мұнай өңдеу және мұнай өндіру салаларының, сондай-ақ Волга мен Оралдан құйылатын тұрмыстық қалдықтардың зардабын тартуда.  

Дереккөз: bnews.kz

7 тамыз 2014, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.