Атырау, 25 қараша 19:39
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейге салынған санкция Қазақстан үшін мүмкіндіктер ашуы ықтимал

1 729 просмотра

Абылай МЫРЗАХМЕТОВАбылай МЫРЗАХМЕТОВАСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейге салынған санкция Қазақстан үшін мүмкіндіктер ашуы ықтимал. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осылай мәлімдеді.

«Кешегі Үкіметтің отырысында экономика министрі алты айда 4 пайыздық экономика өсімі болғанын айтты. Бұл жаман емес. Дегенмен, біздегі өндірістік өнеркәсіп саласында 0,4 пайыз деңгейінде аз ғана тежелулер баршылық. Бұл батыстың Ресейге жасаған санкциясынан емес, әлемдік баға конъюктурасынан орын алды», - дейді Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар, палатаның басқарма төрағасы Ресей мен батыс арасындағы қарама-қайшы санкциялардан Қазақстанның ұтар тұсы болатынын жоққа шығармайды.

«Жалпы, санкциядан ешкім ұтпайды, өкінішке қарай бәрі жапа шегеді. Өйткені, Ресей алып мемлекет, оның экономикасы да ауқымды, сондықтан санкция салған батыстың өзіне де оңай тиейін деп отырған жоқ. Дегенмен, мұндай мәселеде Қазақстанға мүмкіндіктер ашылатынын болжауға болады. Мәселен, Ресей Польша мен Молдавиядан келетін жеміс-жидектерге, азық-түлікке санкция берді. Оның орнын Ресей өзіндегі өндірісті арттыру арқылы жабуға ұмтылмақшы.  Ендеше, Қазақстанға да мүмкіндік туып тұр деген сөз. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру мен өңдеу аясында әбден ыңғайлы болуы мүмкін», - деді А. Мырзахметов.

Сөз арасында палата төрағасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін Елбасы Үкіметке ерекше жүктегенін атап өтті.

Дереккөз: inform.kz

7 тамыз 2014, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.