Атырау, 25 қараша 19:34
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Президент "Самұрық-Қазынаны" менеджер-қыздар үшін сынады

1 542 просмотра

Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ында бас менеджерлер болып тәжірибесіз мамандар тағайындалатынын сынады деп хабарлайды Қазақпарат.

"Самұрыққа кім болса, соны қабылдайды. Тіпті мектепті қазір ғана бітірген қыздарды бас менеджер деп атайды. Сіздердің әрқайсыларыңыз мемлекеттік адамсыздар ғой, неге өз министрліктеріңізді, ведомстволарыңызды қарап, тәртіп орнатпайсыздар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы мемлекеттік ведомство басшыларына жұмысқа кәсіби мамандар қабылдау қажеттігін баса айтты.

"Қысқартыңыздар да, 10 адамның орнына жұмыс істейтін кәсіби маманға ақша төлеңіздер. Мен басшылықтың ең төменінен бастап барлық жолынан өттім және бәрін де білемін. Егер бөлімде 10 адам жұмыс істейтін болса, онда осы 10-ның тек екеуі ғана тынбай еңбектенеді, әлде бұл өтірік пе? Кім жұмыс істейді, соның мойнына мініп алады", - деді мемлекет басшысы.

Дереккөз: nur.kz

7 тамыз 2014, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.