Атырау, 25 қараша 19:34
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жекешелендіру: Авиация оқыту орталығы 256 млн теңгеге сатылады

1 508 просмотра

Әуе кемесінің ұшқыш отыратын кабинасы ©Ярослав РадловскийӘуе кемесінің ұшқыш отыратын кабинасы ©Ярослав РадловскийҚазақстандағы жекешелендіру науқанына байланысты "Авиациялық оқыту орталығы" ЖШС 256 млн теңгеге сатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gosreestr.kz порталына сілтеме жасап. "Авиациялық оқыту орталығы" ЖШС сатуға қатысты коммерциялық тендерді өткізу 29 тамызға жоспарланып отыр.

Кәсіпорынның жаңа иесі бес жылға дейін негізгі профильдік қызметті сақтауы тиіс. Сауда мемлекеттік реестр порталында өтпекші. Бұл жерде жоғары баға ұсынған қатысушы жеңіске жетеді. Бұдан сәл ертеректе хабарланғандай, ЖШС 2012 жылдың қаржылық қорытындысы бойынша кіріс ретінде 75,6 млн теңге тапқан болуы тиіс.

Сондай-ақ, аукцион әдісі бойынша "Қазақ туризм және спорт академиясы" АҚ 20%-ы жекешелендіріледі. Акцияны сату сағат 29 тамыз күні 10:00-де басталады. Жоспар бойынша 43 575 акция сату көзделген. Бастапқы меже 222,6 млн. теңгеге бағаланып отыр. Бір мезетте "БИ-ЛОГИСТИКС" АҚ кәсіпорның аукцион аясында сату қарастырылған. Оның бағасы 752,4 млн. теңге. Жоспарға сәйкес, 100%-ы яғни, 1 536 001 акциясы толығымен сатылады.

Еске сала кетейік, жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы жекешелендіруді өткізу кезінде жоғары лауазымды тұлғалардың туыстарының қатыспауын талап еткен-ді. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов өз кезегінде, жекешелендіру қорытындысы бойынша, 2014-2015 жылдары ел экономикасына екі триллион тарту жоспарланып отырғанын жеткізді. "Бюджет 100 млрд теңгеге толықтырылуы мүмкін", - деді ол. Оның сөзінше, елімізде жекешелендіру 853 нысанға жүргізіледі. Ал жыл соңына дейін олардың 295-і сатылмақ.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 тамыз 2014, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.