Атырау, 5 маусым 23:47
 дождьВ Атырау +21.9
$ 485.34
€ 564.45
₽ 6.53

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WorldBoxingNews версиясы бойынша 2013 жылдың үздік боксшысы атанды

2 321 рет қаралды

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин WorldBoxingNews версиясы бойынша 2013 жылдың үздік боксшысы атанды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Белгілі WorldBoxingNews порталы жүргізген дауыс беру қорытындысы бойынша, Г. Головкин 74% дауыс жинап, «2013 жыл боксшысы» аталымында жеңіске жетті.

Орта салмақта WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болып табылатын отандасымыз өткен маусымда төрт жекпе-жек өткізіп, оған қарсы тұрған америкалықтар Габриэль Росадо мен Кертис Стивенс, жапондық Набухиро Ишида, британдық Мэттью Маклиннің әрқайсын нокаутпен сұлатып аяқтады. АҚШ-та өткен соңғы кездесудің үшінші раундында австралиялық Дэниэл Гил жеңіліске ұшырады. Головкин жалпы 30 кездесудің 30-ында да жеңіске жеткен, оның 27-сін нокаутпен аяқтаған. 

Дереккөз: ҚазТАГ

7 тамыз 2014, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.