Атырау, 25 қараша 19:56
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Румыниялық «Стяуаға» есе жіберген «Ақтөбе» футболдан чемпиондар лигасынан шығып қалды

2 264 просмотра

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ - Румыниялық «Стяуаға» есе жіберген «Ақтөбе» футболдан чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Үшінші біліктілік кезеңінің жауапты матчы Бухаресте өтті. Бұған дейін Ақтөбедегі 2:2 есеппен ойынды аяқтаған қазақстандықтарға жеңіске жету маңызды болды. Алайда, алғашында-ақ ойынды сәтсіз бастаған футбалистер бірінші таймның өзінде Александру Кипчу мен Николае Станчудың екі добын өткізіп алды.

Ол аздай, матчтың 57-ші минутында команда капитаны Юрий Логвиненконың алаңнан қуылуына байланысты аз құраммен ойнады. Тек, матч соңына бес минут қалғанда Тимур Кападзе бір допты қайтарды, алайда ақтөбеліктер жеңіске қол жеткізе алмады. Сонымен, есеп 1:2 және «Ақтөбе» чемпиондар лигасынан шығып қалды. Алайда отандық клуб үшін осымен еуромаусым аяқталған жоқ, олар алда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді. Егер айлары оңынан туып жақсы ойын көрсетсе, онда алғаш рет тарихта турнирдің топтық кезеңіне өтеді.

Дереккөз: ҚазТАГ

7 тамыз 2014, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.