Атырау, 25 қараша 19:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назарбаев Сәрінжіповке әр түлектің жұмысқа орналасуын жеке бақылауына алуды тапсырды

1 781 просмотра

Фото: bestvuz.kzФото: bestvuz.kzАстана. 6 тамыз. ҚазТАГ – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке қазақстандық ЖОО мен колледждерді бітірген әр түлектің жұмысқа орналасу процесін жеке бақылауына алуды тапсырды.

«Білім және ғылым министрлігіне әкімдермен бірлесіп, мен саған биыл барлық түлектерді жеке өзің санап, келесі жылы алдын ала қаңтар айында маған келіп, Қазақстанда осыншама оқушы түлек атанып отыр, олардың мыншасы жұмыс жасауға барады деп баяндайтын боласың. Түсіндің бе? Бұнымен айналысу керек, басқаруды бәрі біледі», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

Президент жұмысқа орналасқан ЖОО мен колледждер түлектерінің 80%-дық жалпы үлесінде ауылдық квотамен бар болғаны 40%-ы жұмысқа тұратынын атап өтті.

«Неге сіздер алдын ала есептеп, бұл жұмысты жасамайсыңдар?» - деп сұрады Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы білім беру сапасының төмендігі салдарынан жекелеген ЖОО түлектерінің жұмыс таба алмай жүргенін атап көрсетті.

«Шымкент университетінің 2013 жылдағы 740 түлегінің тек 250-і ғана жұмысқа орналасқан. Бұл тек 34%-ын құрайды. Бұл ЖОО түлектерінің үштен бірі жұмыс таппай жүр. Ақтөбедегі халықаралық қазақ-орыс университетінде жұмысқа орналасу 30%-дан төмен», - деп мысал келтірді ол.

Мемлекет басшысы Қазақстанда өндірістік тәжірибесінен өту міндетті болатын дуальды білім беру жүйесі көрінуі тиіс білім заң жобасын жасап шығару көзделіп отырғанын еске салды.

Н. Назарбаев сондай-ақ оңтүстік өңірлердің мектеп түлектерін солтүстікте, бос орындар бар кәсіби-техникалық лицейлерде оқытуды ұсынды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

6 тамыз 2014, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.