Атырау, 25 қараша 19:51
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дәрігерлердің жауапкершілігін сақтандыру мәселелері талқыланды

2 676 просмотра

Фото: newskaz.ruФото: newskaz.ruАстана. 6 тамыз. Baq.kz – Бүгін пациенттердің денсаулығына зиян келтіргені үшін дәрігерлердің жауапкершілігін сақтандыру мәселелері талқыланды. 

2012 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында мемлекеттің жаңаша даму жолын көрсетіп берді. Қазақстанның әлеуметтік жаңаруы мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін іс-шаралардың бірі медициналық қызметкерлер тарапынан салғырттық болмаса, азаматтардың денсаулығына нұқсан келтіргені үшін дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыруды енгізу болып белгіленген.

Осыған орай өткен жиында «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары Нағима Исатаева:

- Қандай мемлекетте, қай қоғамда болмасын азаматтардың денсаулығына зиян тигізілу қаупі әрқашан болған. Оған ағзаның, аурудың ерекшеліктері, сирек кездесетін кеселдердің түрлері, дәрі-дәрмектердің жанама әсерлері сынды факторлар себеп болып табылады. Яғни мәселе медициналық қызметкерлерге тәуелсіз болған қателіктер жайында болмақ.

Дәл осы жағдайлардан, медициналық қызметкерлер тарапынан салғырттық танытылмаған жағдайды медициналық қызметкерлер сақтандырылады, - деп «Осы мәселеге қатысты медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру қорын құру жоспарда. Себебі жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, әрбір жұмыс беруші мұндай келеңсіз жағдайлардаың санын азайтуға, сақтандыру жағдайларын болдырмауға, медициналық қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатуға ынталанады. Бұл өз кезегінде медициналық көмек сапасын жақсартуға септігін тигізеді» деді.

Бүгінгі күні медициналық қызметкерлердің жауапкершілігін сақтандырудың халықаралық тәжірибесін талдау негізінде шағымды «кінәсіз» кепілдік ете отырып қарастыру жүйесімен сақтандырудың әлеуметтік үлгісін енгізу ұсынылып отыр. Бұл жүйе «медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті түрде кепілдендіру жүйесі» деп белгіленуі мүмкін.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті қамсыздандыру» Заң жобасы үлгісінің негізгі ережерері әзірленеді.  

Дереккөз: baq.kz

6 тамыз 2014, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.