Атырау, 25 қараша 19:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

1 қазанда кәсіпкерлерге салықтық рақымшылық жарияланады

2 504 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерге салықтық рақымшылық жасалатынын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкімет осы жылдың бірінші желтоқсанына дейін бизнесті қолдауды дамытудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауы қажет. Үкіметке шағын және орта бизнес субъектілеріне 2014 жылдың 1 қазанына дейін жиналған айыппұлдар мен өсімдер бойынша салықтық рақымшылықты іске асыруды тапсырамын", - деді Назарбаев Үкіметтің Ақордада өткен кеңейтілген отырысында.

Бұған дейін қазақстандық бизнесмендерге 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың қаңтарына дейін салық органдарында есепте тұрған айыппұлдар бойынша кешірім жасалатыны хабарланған болатын. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов кәсіпкерлердің бірінші съезінде айтты.

"Үкімет салық амнистиясын жүргізу жөнінде бастама көтерді. Бизнесті 2013 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін салық органдарының есебіне алынған айыппұл өсімдерінен босатуды жоспарлап отырмыз. Амнистия жүргізу кәсіпкерлердің бұл қаражатты бизнесті дамыту мен кеңейтуге жұмсауына мүмкіндік береді. Мен Бақыт Сұлтановқа осыған байланысты Салық кодексіне тиісті өзгертулер мен толықтыруларды қарау мен қабылдауды тапсырамын", - деген еді Мәсімов.

Дереккөз: tengrinews.kz

6 тамыз 2014, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.