Атырау, 25 қараша 19:54
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назарбаев министрге елге оралған қандастарымызға жағдай жасауды тапсырды

1 579 просмотра

Сырттағы отандастарымыздың келуіне жол ашып, олардың ел ішінде орналасуына жағдай жасауымыз керек. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Назарбаев министрге елге оралған қандастарымызға жағдай жасауды тапсырды

"Біз оралмандардың жағдайын жасауымыз керек. Ал ішкі көші-қон мәселесі туралы бұрын да айтылған. Адамдарды жұмыс орындары бар жерлерге қарай жіберу қажет. Оңтүстік өңірлерде жұмыс орындары аз, сондықтан адамдар бұл жағдайды дұрыс түсінулері тиіс. Құдайға шүкір, Қазақстан кең-байтақ. Жұмыс орындары ашылуда, әсіресе жастар бір жерде отыра бермей, әр жерге барып, жұмыс істеп, еліміздің болашағын бірге жасауы керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өзінің баяндамасында атап өткендей, биыл Қазақстанға жалпы саны 35 мың адамды құрайтын 13 мың отбасы қоныс аударған.

Оларды орналастыру "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қыркүйек айында Парламентке оралмандарды орналастыру мәселелеріне қатысты заң жобасы енгізілетін болады.

Дереккөз: nur.kz

6 тамыз 2014, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.