Атырау, 25 қараша 19:37
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Н.Назарбаев: Елдегі барлық алып-қашпа әңгімені мемлекеттік қызметшілер таратады

1 522 просмотра

Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет құрылымындағы өзгерістерді жарияламас бұрын, мемлекеттік қызметшілер тарапына біраз сын-ескертпелерін білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Ықшам үкімет керек бізге. Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы мәселелерді толығымен өздігінен шешпейді, өз міндеттері бойынша шешімдер қабылдамай, барлығын үкіметке жүктейді. Министрлер жауапкершілікті өз мойнына алмайды, жиналыстардың бірінен соң бірін өткізеді. Тәртіпке келтіру керек», - деді Президент.

«Кесте болу керек, үкіметтің, министрліктердің барлық кеңестері сейсенбі өтеді, түске дейін- үкімет отырысы, түстен кейін министрліктерде өтеді. Болды, адамдарға жұмыс істеуге мүмкіндік беріңдер. Облыстарда айқын кесте жасау керек, әйтпесе, кейбіреулер отырыстарда бекерден-бекер отырып, әңгіме соққанды жақсы көреді. Содан кейін алып-қашпа әңгімелер таратады. Елімізде барлық дақпырт әңгімелерді мемлекеттік қызметшілер таратады. Мен мұны жақсы білем. Компьютер алдында отырып алып, түрлі нәрселерді сөз етеді, ондайларды ұстап, жазалап, жұмыстан шығару керек. Бақылау жүргізу үшін бізде барлық мүмкіндік бар», - деді Н.Назарбаев.

Дереккөз: bnews.kz

6 тамыз 2014, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.