Атырау, 25 қараша 20:01
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан экспортты кеңейту үшін Парсы шығанағында бос қоймалар тұрғыза алады, деп санайды Назарбаев

1 475 просмотра

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту үшін бос қоймалар тұрғызу қажет деп санайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Бос қоймаларды тұрғызу мүмкіндігін осының өзінде Парсы шығанағы мен Тынық мұхиты жағалауынан қарастыра беру керек, себебі біз ол жаққа барар жолды бітіріп қалдық, оңтүстікке Иран мен Қытайдың порты арқылы, ал Қытаймен бізде келісім бар», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

Сондай-ақ ол Қазақстан экономикасының алдағы дамуы үшін жөнге салынған көліктік инфрақұрылымның қажеттігін атап өтті.

«Экспортты әртараптандыру үшін көлікті дамыту аса өзекті мәнге ие. Қорғас портының құрылысы – Қытай мен Қазақстанның шығыс қақпаларын тәмамдау керек. Теңіз порттарының құрылысын аяқтап, оларды дамытуды жалғастыру маңызды», - деп атап өтті Н. Назарбаев. 

Дереккөз: ҚазТАГ

6 тамыз 2014, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.