Атырау, 25 қараша 19:26
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қаржы полициясы таратылды

7 223 просмотра

Фото: tengrinews.kzФото: tengrinews.kzҚаржы полициясы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі таратылып, оның функциялары жаңа құрылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 «Қаржы полициясы таратылып, оның жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу, анықтау, жолын кесу, ашу, тергеу бойынша функциялары жаңа құрылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне өтеді. Ал экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қатысты мәселелер қаржы министрлігіне беріледі. Жаңа агенттікті Қайрат Қожамжаров басқарады, Әлихан Байменов оның орынбасары қызметін атқарады», - деді Президент бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қайрат Қожамжаров бұған дейін 2013 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқарға болатын.

Қожамжаров Қайрат Пернешұлы

1965 жылы туған.

1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.

1987-1995 жылдары – Жамбыл қаласының және Жамбыл облысының прокуратура органдарында қызметте болды.

1995-1997 жылдары – Қорғас кеденінде контрабандаға және кеден тәртібін бұзушылыққа қарсы күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы-тергеушісі, экспорттық-импорттық операцияларды бақылау жөніндегі бөлім бастығы.

1997-1998 жылдары - Қорғас кедені бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.

1998-1999 жылдары – «Озон-Ислам» ЖШС қаржы директоры.

1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі салық полициясы комитеті бас тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, басқарма бастығының орынбасары-бөлім бастығы, басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы қаржы полициясы агенттігінің тергеу және анықтау департаменті тергеу басқармасының бастығы.

2002-2004 жылдары – Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары.

2004-2007 жылдары – Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы.

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары.

2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы.

2012-2013 жылдары – Ақмола облысының әкімі.

II дәрежелі «Даңқ» орденімен (2006), 2 медальмен марапатталған.

Отбасылы, төрт баласы бар. 

Дереккөз: bnews.kz

6 тамыз 2014, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.