Атырау, 25 қараша 19:33
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Назарбаев жекешелендіру аясында мемлекет меншігіндегі нысандардың құдалар мен жиендерге сатылуына жол бермеуді тапсырды

1 720 просмотра

Фото: РИА НовостиФото: РИА НовостиАстана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жекешелендірудің екінші толқыны аясында мемлекект меншігіндегі нысандар мен ұлттық компаниялардың шенеуніктер мен мемкомпаниялардың топ-менеджерлерінің құдаларына, інілері мен жиендеріне сатылуына жол бермеуге шақырды.

«(Жекешелендірудің екінші толқыны – ҚазТАГ) ашық өту үшін. Мұның бәрі тағы да құдаларына, інілеріне, жиендеріне өтпеу шін. Не жасалып жатыр?», - деді Н. Назарбаев сәрсенбідегі үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында .

Өз кезегінде қаржы вице-премьер-министрі Бақыт Сұлтанов барлық нысандардың электронды сату веб-порталы арқылы жүзеге асырылатынын айтты.

«Олардың барлығы бірыңғай алаң арқылы сатылады», - деді ол.

«Сен жауап беріп тұрсың, міне барлық әкімдер отыр … Өте қатаң сұрайтын боламыз. Бірінші жекешелендірудің қалай болғанын біз білеміз. Қазір сол заңсыз берілген жерді де, мүлікті де кері қайтаруға тура келіп жатыр. Кімде билік болса, сол алған да өзінше бөліп бере салған», - деді президент Б.Сұлтановқа қаратып айтқан сөзінде .

«Олай болмау керек», - деп атап өтті президент.

Оның айтуынша, аталмыш активтер сатылымынан бюджетке ақша түседі. 

Дереккөз: ҚазТАГ

6 тамыз 2014, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.