Атырау, 6 қараша 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

Агенттік соттан Сириядағы қазақстандықтар туралы бейнежазбаның таралуына тыйым салуды сұрауда

1 592 просмотра

Асқар Жұмағалиев. Фото ©aci.gov.kzАсқар Жұмағалиев. Фото ©aci.gov.kz

Еліміздің байланыс және ақпарат агенттігі Сириядағы қазақстандықтар жайлы бейнежазбаның таралуына тыйым салуға тырысып бағуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аталмыш агенттік төрағасы Асқар Жұмағалиевтің блогына сілтеме жасай отырып.

Жұмағалиев бұл жайтқа қатысты шара қолдануға өтініш білдіргендерге өз блогында "агенттік Есіл аудандық сотына талап арыз жазып бейнежазбаны заңсыз деп тануды, сондай-ақ Қазақстан аумағында бұл бейнежазбаның таралуына тыйым салуды ұсынып отыр" - деп жауап берген.

Сондай-ақ ол www.youtube.com және  www.vk.com интернет-ресурстарына да Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сай арнайы хат жолданғанын, осыған орай сот басталғанға дейін аталмыш интернет-ресурстарға бейне жазбаны ғаламтор бетінен алып тастау ескертілгенін құлағдар етуде.

Айта кету керек, қазіргі уақытта www.youtube.com. атышулы бейне жазбаны алып тастаған. Бұдан бұрын  бейнежазбаға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз пікірін білдірген болатын. Мәлім болғандай, бүгінде бейнежазбаның қалай түсірілгені, олардың дайындығы, жазбаға түсірілгендердің кім екендіктері, жазбаны кімдердің таратқаны анықталуда.

Еске салайық, өз мақсаттары жөнінде әңгімелейтін қарулы топтың бейнежазбасы биылғы шілде айында ғаламторда пайда болған. Бұл экстремистердің арасында Әбу-Әниса есімді жігіт өзінің алға қойған ниетін қазақ тілінде жеткізеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

6 тамыз 2014, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.