Атырау, 6 қараша 04:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 488.91
€ 532.62
₽ 5.00

Бразилияда білім алған қазақстандық балалар U19 футбол құрама командасының негізін салады

1 641 просмотра

Фото: kff.kzФото: kff.kzАстана. 5 тамыз. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Бризилиялық футбол мектептерінде білім алған қазақстандық балардың екі тобының жанынан U19 құрама командасының негізі қаланады, деп хабарлады ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев.

«Бүгінде Бразилияда екінші балалар тобы білім алуда. Алғашқы түлектер осында ойнауда. Олар шашырап кетпесін деп арнайы «Байтерек» футбол клубы құрылды. Олар 26 спортшы: 8 - премьер-лигада, 8 - «Байтеректе» және 6-уы бірінші лигада ойнайды, демек барлық спортшылар өздеріне тиесілі футболмен айналысуда», - деді сейсенбідегі брифингте Т. Есентаев.

«2012 жылы Бразилияға 26 спортшы мен 2 жаттықтырушы жіберілді. Олар бүгінде білім алуда. Олар келгеннен кейін «Бәйтерек» футбол клубының жанынан U19 құрама командасы жасақталады. Қазіргі таңда құрамада ресейлік легионер, жаттықтырушы Соловьев жұмыс істеуде», - деп толықтырды ол.

Агенттік басшысының пайымынша, Қазақстанда футбол белсенді дамып келеді.

«Қазақстанда футболмен 480 мың адам айналысады. Қазақстанның барлық жерінде футбол дамып келеді - 12 команда премьер-лигада, 12 команда бірінші лигада өнер көрсетуде», - деді ол.

«Әрине, кемшіліктер бар, оларды жасырмаймын. Оның барлығы менеджердің, жаттықтырушының өз міндетіне қалай қарайтынына, оны орындауына байланысты», - деп атап өтті Т. Есентаев.

Дереккөз: ҚазТАГ 

5 тамыз 2014, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.