Атырау, 29 маусым 10:18
 дождьВ Атырау +15.4
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Қазақстан сенаты депутаттығына 72 адам ұсынылды - ОСК

2 393 рет қаралды

Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.АСТАНА,  5 там –Қазақстан жаңалықтары АА. Ағымдағы жылдың 1 қазанында өтетін ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға 72 кандидат ұсынылды, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

«Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, 4 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 72 кандидат ұсынылды. Олардың барлығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланды. Ұсынылғандардың ішінде 4-еуі әйел азаматшалары», - дейді Тұрғанқұлов сейсенбіде.

Оның айтуынша, сайлау науқанының күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну 31 тамызға дейін жалғасады. Сенатор ретінде кандидаттарды ұсыну мәслихаттар сессияларында, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер мәслихаттардағы өкілдері арқылы өз кандидаттарын ұсыну мүмкіндігі де бар.

Дереккөз: newskaz.kz

5 тамыз 2014, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.