Атырау, 25 қараша 18:22
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алматының этно-мәдени орталықтары Қазақстанда тұратын ұлттардың тілінде хабар тарататын телеарна ашуды ұсынды

3 603 просмотра

Фото: qaznews.kzФото: qaznews.kz«ҚР «Тіл туралы» заңына сәйкес «Бiрлiк» («Единство») телеарнасы мемлекеттік тілде, ресми тілде, халықаралық ағылшын тілінде және белгілі бір ұлт өкілдерінің тілінде ақпарат таратады деп күтілуде», - деді сейсенбідегі Алматыдағы дөңгелек үстелде ҚР татар башқұрт қауымдастығының атқарушы директоры Ринат Абдулхаликов.

Ол атап өткендей, телеарна мемлекет меншігі болуы тиіс және ақпарат таратуда үш тұғырлы тіл және қосымша бір тіл деген саясатты ұстанғаны жөн.

Сонымен қатар, Р. Абдулхаликовтың пайымынша, жаңа жобаның қоғамдық кеңесі болуы тиіс.

«Телеарна жанынан қоғамдық кеңес құру міндетті түрде керек, оның құрамына этно-мәдени ұйымдардың, мемлекетттік органдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері енгізіледі», - деді ол.

Ұйымдастыру мәселесіне келетін болсақ, Р. Абдулхаликовтың пайымынша, «Бiрлiк» телеарнасы «Қазақстан телерадиокопрарациясының «KazSport» пен «Бiлiм және мадениет» сынды телересурстарының жалғасы бола алады.

Өз кезегінде, «Ильдаш» гуманитарлық даму татар орталығының төрағасы Нурия Ниязова атап өткендей, аталмыш арна отбасылық - көңіл көтеретін телеарналардың бірі болуы керек, онда бұрынғы КСРО-ның ұлттық киностудиясының бірегей туындылары көрсетілсе, қоғамның ілтипатына ие болған түрлі ұлт өкілдері туралы бағдарламалар көрсетілгені жөн және әр ұлттың тілін үйрететін бағдарламалар жасалғаны абзал.

Жиналғандардың айтуынша, егер «Бiрлiк» телеарнасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы ашылса игі болар еді.

Дереккөз: ҚазТАГ

5 тамыз 2014, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.