Атырау, 25 қараша 18:17
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда министрліктер мен ведомстволарды қызметкерлерді қысқарту арқылы оңтайландыру күтілуде

1 861 просмотра

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанда қызметкерлерді қысқарту арқылы министрліктер мен орталық ведомсвтолардың құрылымын өзгерту күтілуде, деп хабарлады елордадағы ақпараттық дереккөзі.

«Министрліктер мен ведомствоның мамандарын үлкен өзгерістер күтіп тұр. Олардың кейбіреулері жазғы демалыстарын болдырмаса, ендігі біреулері еңбек дамалыстарынан шақыртылды. Осы аптада атқарушы органның орталық құрылымында өзгертулер орын алады, нәтижесінде басқару аппаратындағы бірқатар шенділер қысқартылады»,- деді сейсенбіде телефон арқылы сұхбаттасушы.

Оның мәліметі бойынша, қысқарту барлық министрліктерде жүргізіледі, оның басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік блокта орын алмақ, олар өзара біріктіріледі немесе жабылады. Реформа, бұдан басқа қорларды, даму институттарын, ұлттық компаниялар мен еншілес компанияларды да шарпиды. Масштабты қайта құру туралы атқарушы биліктің орталық органдарының басшыларының және облыс әкімдерінің қатысуымен өтетін алдағы республикалық жиналыста хабарлайтын болуы керек. 

Дереккөз: ҚазТАГ

5 тамыз 2014, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.