АСТАНА, 4 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында Халал өнімін өткізу бойынша бірнеше рет ақпарат жариялады.
Бұрын аталғандай, қолданыстағы заңнамада «Халал» өнімінің қауіпсіздік және сапалық көрсеткіштері бойынша регламенттелмейді, тек «Халал» асылған шұжығы бойынша «1353-2005 ҚР СТ» ұлттық стандарты бар, оны сақтау ерікті түрде және аталған өнім Қазақстанда міндетті сертификатталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне жатпайды.
Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпаратына сәйкес өнімге «Халал» белгісі бар өнімнің сәйкестігі сертификаттарын беру тәртібін белгілейтін және реттейтін заңнамалық актілер жоқ.
Алайда, «Қазақстанның халал индустриясы Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Халал» өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау, одан әрі куәлік пен сертификат беру қызметін жүзеге асырады.
Одан басқа, Дін істері агенттігінің ақпаратына сәйкес «Қазақстанның халал индустриясы Қауымдастығы» діни бірлестік болып табылмайды, бұл ретте, олардың пікірі бойынша өнімді «Халал» деп бөлу дін мәселелеріне жатады. Сонымен қатар, олар аталған бірлестіктің өнімді «Халал» ретінде анықтау жөніндегі сертификаттар мен куәліктерді беруі қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді деп санайды.
Сонымен қатар, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі өткізілетін «Халал» өнімдерінің құрамындағы тіннің түрін сәйкестендіруді анықтау үшін шұжық өнімдерін зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу қорытындылары бойынша мынадай шұжық өнімдерінің құрамында шошқа еті анықталды:
- ҚР «Халал» өндірісінің «Мусульманские», «Говяжьи» шұжықтары;
- Қазақстан Республикасында өндірілген «Докторская в/с в синюге» шұжығы;
- Қазақстан Республикасында өндірілген «Халал» жартылай ысталған шұжығы; жартылай ысталған шұжық; Қазақстан Республикасында өндірілген «Конские сосиски»;
- Қазақстан Республикасында өндірілген «Элитная» (жоғары сұрып) халал мұсылмандық сервелаты халал.
Сондай-ақ, «Халал» белгісі бар «Целинная – фабрика деликатесов» шұжығының заттаңбасында оның «Қазақстанның халал индустриясы» Қауымдастығы ЗТБ бақылауымен дайындалғаны, бұл ретте құрамында «ШПИК-тің» бар екендігі көрсетілген
Дереккөз: newskaz.kz