Фото: flymama.infoАстана. 4 тамыз. ҚазТАГ – ҚР ИЖТМ туризм индустриясы комитеті қазақстандық туристердің құқығын шетелде бұзатын шетелдік қонақүйлер мен турфирмалардың «қара тізімін» құрастыруға ниетті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті қазақстандық туристер құқығының кез келген бұзушылығы туралы ақпаратты мұқият бақылауға алып, біздің отандастарымыздың құқығы аяқасты болған шетелдік қонақүйлер мен қабыл етуші турфирмалардың «қара тізімін» жариялайтын болады», - делінген дүйсенбі таралған хабарда.
Аталған тізім туристердің өздерінің беріп отырған ақпараттарының арқасында жаңартылып отыратыны атап өтіледі.
Дереккөз: ҚазТАГ