Фото: sport-xl.orgАА. ҚазАқпарат - 49 жастағы америкалық Бернард Хопкинс қазақстандық Генннадий Головкинге қарсы кездесуге қызығушылық білдіргенін растады, деп хабарлады Boxingscene.com.
Өзінің келесі кездесуін Хопкинс ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізеді. Бұл кездесу осы жылдың қарашасында өтеді. Алайда содан кейін Хопкинс Головкинмен өтетін кездесу үшін бірнеше келіден арылуға дайын. Америкалық боксшы кездескісі келетін екі спортшының атын атады - Андре Уорд пен Геннадий Головкин.
Еске сала кетейік, Бернард Хопкинстің Бейбіт Шүменовке қарсы кездесуі 20 сәуір күні өтіп, америкалықтың пайдасына шешілген болатын. Головкинға келер болсақ, ол өзінің соңғы кездесуін 27 шілде күні АҚШ-та өткізді және рингке екі-үш айдан кейін қайтып келуге дайын. Алайда WBA және IBO әлем чемпионының келесі қарсыласының есімі әлі аталған жоқ, деп жазады vesti.kz.
Дереккөз: inform.kz