Атырау, 25 қараша 18:36
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлттық банкке қарсы сот процесінде заңгер жеңіліп қалды

1 695 просмотра

Анатолий Утбанов. ©Facebook.com/advokatkzАнатолий Утбанов. ©Facebook.com/advokatkzЗаңгер Анатолий Утбанов Ұлттық банкке қарсы сот процесінде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың Сарыарқа аудандық сотынан.

Судья Утбановтың талап арызын толық көлемде қанағаттандырудан бас тартты. 

Еске сала кетейік, Анатолий Утбанов сотқа Ұлттық банкке қарсы талап арыз берген болатын. Ол банк менің ақпарат алу құқығымды бұзды деп есептейді. Сот барысында заңгер банктің өзіне нақты жауап қайтарудың орнына бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға сілтемелер бергенін айтты. Арызданушы мұны "жаттанды сырғытпа жауап" деп атады. Ұлттық банк өкілдері болса, заңдарда ашық ақпарат көздері арқылы жауап қайтаруға тыйым салынбайтынын алға тартты. Заңгердің оппоненттерінің айтуынша, олар жалпыға белгілі ақпаратты қайталамау үшін сілтемелермен шектелген.

Банк өкілдері заңгерге толық, жеткілікті жауап қайтарылды деп есептейді. Утбановтың тағы талабы Ұлттық банктің өтінішті қарау мерзіміне қатысты болатын. Оның айтуынша, банк жауапты 15 күн ішінде емес, 60 күннен соң қайтарған. Ұлттық банк өкілдері арызданушының дәйектерін негізсіз деп есептейді, олардың айтуынша, қойылған сұрақты зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған.

Сот шешімі жария етілген кезде сотта журналистер мен заңгердің өкілдері ғана болды. Ұлттық банк өкілдері қатыспады.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 тамыз 2014, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.