Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.АСТАНА, 4 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымының (ЮНВТО) бас хатшысы Талеб Рифаи мырзаға «Almaz tourizm» туроператор желісі бойынша қазақстандық туристермен болған жағдай туралы хат жолдады деп хабарлайды дүйсенбіде ведомствоның баспасөз қызметі.
2014 жылдың шілде айының соңында «Almaz tourizm» қазақстандық туроператорының туристері екі шаруашылық субектінің дауына қалды. Өкінішке орай «Almaz tourizm» компаниясының Турциядағы контрагенті қазақстандық туристерден отелде тұрулары үшін қайта төлем жасауды талап еткен «Trek Travel International LTD» компаниясына шағымдары біздің мекенжайымызға келіп түсті.
«Мұндай тәжірибе әлемдік туристік қоғамдастықта кәсібиліксіз және мәдениетсіздік ретінде талқыланды. Әлемдік туристік нарықтың дамуын қалыптастыруға қоғамдық күш жұмсау бойынша залал келтіретін туристердің осындай жағдайларға қайта тап болуларын болдырмауға Сізден тағы да бір назар аударуды сұраймыз»,-делінген хатта.
«Өз тарапымыздан біз осы мәселелерді шешу бойынша барлық шараларды қолданып жатырмыз. Осындай жағдайларда туристерге көмек көрсету үшін арнайы құрылған Жұмыс штабы демалыссыз қызмет атқарып жатыр»,-деп атап көрсетеді Иғалиев.
Дереккөз: newskaz.kz