Атырау, 25 қараша 18:34
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Almaz Tourism» ИЖТМ-ның талабына сәйкес қазақстандық туристерді Түркияға жөнелтуді тоқтатты

1 324 просмотра

«Almaz tourizm» туроператоры түркиялық компаниямен арадағы дау шешілгенге дейін Түркияға туристер жібермейді, деп хабарлады  ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев.

Оның атап өтуінше, кеше комитет «Almaz tourizm» туристік операторының басшылығымен келіссөздер жүргізіп, қолдарында бар ақпараттарды БАҚ өкілдеріне беруді сұраған.

«Олар бүгін Алматыда сағат  11:30 сұхбат береді. Бұған қоса, біз компаниядан өз туристерін Түркияға жібермеуді талап еттік. Компания басшылығы туристерін жібермейтіндігінен сендірді. Ағымдағы жылғы қазан айына дейін олар келісімшартқа отырған туристер саны 300 адам», - деді ол.

 М.Иғалиевтің сөзіне қарағанда, туристік компания комитеттің өтініші бойынша күні-түні жұмыс істейтін жедел желі іске қосты. Сонымен қатар компания ақшаларын қайтарып алғысы келген туристерге қаржыларын қайтаруда.

«Бұған қоса біз олардан компанияның қаржылық ахуалы жайында ақпарат беруді сұрадық. Бұған компания басшылығы өздерінің қаржылық жағдайлары тұрақты екендігін айтып отыр», - деді комитет басшысы.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

1 тамыз 2014, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.