Қазір күдіктінің ақыл-есінің қаншалықты дұрыс екені тексеріліп жатыр. Алайда прокурорлар көп сауалға жауап берген жоқ.
Мәселен, «ол аяғын сылтып басады ма, жоқ па?» деген сұраққа қатысты нақты ештеңе айта алған жоқ. Айтпақшы басты айыпталушы тергеушілер мен дәрігерлерге өз кінәсін мойындаған екен. Оның тағдыры енді псхиологиялық-психиатриялық сараптама нәтижесіне байланысты. Егер оны есі дұрыс емес деп таныса, онда жігіт айыпталған күннің өзінде колонияға емес емханаға жіберілмек.
«Заң бойынша тексеріс кезінде ақыл-есі кемдігі анықталған болса, онда оған айып тағылмайды, 514 бап бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі. Қылмыстың ауырлығына байланысты жалпы немесе қатаң режимдегі психикалық емханаға жатқызылады», - дейді облыс прокурорының бірінші орынбасары Болат Челикенов.
Рудныйлық Виктория Ганя биыл 24 сәуір күні жоғалып кеткен, кейін денесін бір ай өткен соң еріктілер тауып алды. Сараптама көрсеткендей, қыз бас ми жарақатынан көз жұмған. Тағы бір айдан кейін күдікті қолға түсті. Ол Рудныйда тұратын ақыл-есі кем, белгілі тұрағы жоқ 19 жастағы жігіт болып шықты. Айтпақшы, оған әлі күнге ресми түрде кісі өлтірді деген айып тағылған жоқ.
Дереккөз: bnews.kz