Сотталушылардың адвокаттары сот залында«Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ» ісі бойынша жүріп жатқан сот процесіне 4 тамызға дейін үзіліс жарияланды: «СнабОйлСтрой» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі, сотталушы Кенжегүл СИСЕНОВА перзентханада жатыр.
ЖАЛҒАН ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ АҚИҚАТЫ
Бұл процесс кезіндегі алғашқы жағдай емес. Естеріңізге салсақ, бұрын осы ЖШС-нің директоры болған сотталушы Айгүл БЕЙСЕБЕКОВА тыңдау басталған кезде дүниеге сәби әкелген болатын.
«Жалған кәсіпкерлік» топтамасы аяқталды. Іс барысында қашқын Олег ПАВЛИЧЕНКО құрған кәсіпорын жиі аталды. Компанияның кездейсоқ директорлары атанған көптеген адамдардан жауап алынды: әдетте, жұмыссыздар өз атына ЖШС-ні тіркеу ұсынысын оп-оңай қабылдаған. Көбінесе базасы, жабдықтары, кеңсесі және т.б. болмаса да құпия жалдаушысының нұсқауы бойынша келісімшарт жасаған, байқауларға қатысып, басқа да тапсырмалар орындаған, формалды жұмыс үшін 150-200 мың теңге көлемінде ай сайын сыйақы алып тұрған.
Осындай адамдарға залдан лауазымға қатысты жауапкершілік туралы сұрақтар жиі қойылды. Сотталушы ӘЗБЕРГЕНОВА осындай «директорлардың» бірінен - қазір қайтадан жұмыссыз қалған ақтөбеліктен - құжаттарға қол қойып, қолына жалақысын алған кезде, өзінің лауазымды тұлға екенін және заңды жауапкершілікте болатындығына есеп берді ме екен деген сұрақ қойды. Куәгер «отбасын асырау керектігін» айтып, жалтарма жауап берді.
Сотқа қолына кісен салынған, басқа қылмысы («Қарақшылық») үшін жазасын өтеп жатқан куәгерді әлденеше рет алып келді. Бұрын бұл жас жігіт те процесте көрсетілген ЖШС-лердің бірінің номиналды жетекшісі болып үлгеріпті. Айта кетелік, сотта оның ақыл-есі кемдігі туралы анықтама көрсетілді. Бастапқыда оның жауаптары тыңдаушылардың түсінбестігін тудырған болатын. «Қауқарсыздық түріндегі» сырқат деңгейі – оны заңды жауапкершіліктен босатпады, өйткені ол есі дұрыс деп танылды.
ҚҰРАЛБАЕВТЫҢ БАЙСАЛДЫЛЫҒЫ
Өткен жұмада «Парк» топтамасы бойынша кезекті отырыс өтті. Шамасы, процесс аяқталып қалғанға ұқсайды: 700-ден астам томнан тұратын қылмыстық істердің барлық топтамасы түгелдей дерлік қаралды. Әрі қарай топтамалар барысында шақырылып, бірақ жауаптан жалтарған немесе әлдебір себеппен сотқа келе алмаған куәгерлерден жауап алынатын болады. Сондай-ақ, сот барысында тағайындалған және бастамамен қайтадан тағайындалған бірнеше сараптама нәтижелері күтілуде.
Екі апта бұрын сот залында жүйкесі сыр берген сотталушы ҚҰРАЛБАЕВТЫ («Жүйкесі сыр берді») адвокаттарының өтініші бойынша психиатр-дәрігерлер қарап шықты. Оны емханаға апармады, бірақ тергеу изоляторының санитарлық бөлімшесіне орналастырды. Келесі отырыстарда ол өзін анағұрлым сабырлы ұстады, тіпті процестен сырт қалғандай болды: ол газет оқып отырды, тіпті процеске қатыспады деуге болады. Оған қатысты психиатрлардың қандай қорытынды жасағаны белгісіз: адвокат ВРАНЧЕВТІҢ айтуынша, оған оның көшірмесі қолына әлі тимеген.
Сотқа өткен айда «Автожолдар» топтамасымен жете танысу кезінде күтілген куәгерТАУБАЕВ келді. Ол бұрын облыстық құрылыс басқармасының бастығы болған сотталушы КЕНЖЕБЕКОВТІ «Бизнестің жол картасы» жобасын қарау барысында Өңірлік үйлестіру кеңесінің мүшелері алдында жекелеген кәсіпкерлердің мүдделеріне, соның ішінде оның компаниясына қолдау көрсетті деген тергеу пайымы дұрыс емес деген жауабын берді. Таубаев өзінің Кенжебековпен жеке таныс болмауына байланысты мұның мүмкін еместігін айтты.
«БАСҚА ДА КЛИЕНТТЕР СЕКІЛДІ»
«Парк» топтамасы бойынша куәгер ӘБІЛҒАЗИННЕН қайтадан жауап алынды. Сонымен қатар тергеу жорамалы бойынша Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ күйеу баласы Рүстем ӘЛБАҚАСОВТЫҢ көптеген кәсіпорындарына қызмет көрсеткен «Нұрбанк» банкінің бұрынғы директоры Майра СМАИЛОВАДАН куәгерлік жауап алынды. Ол Әлбақасов пен онымен байланысты есімі қатар аталатын кәсіпкер ДАНЕВИЧТІҢ (екеуіне де мемлекетаралық іздеу жарияланған) оған кеңес алуға келгенін, әрі қарай оларға «Нұрбанк» банкінде қызмет көрсетілгенін және олардың «басқа да клиенттер секілді банк өнімдерін пайдаланғанын» растады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА