Атырау, 25 қараша 17:40
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Гүлнәр турды» лицензиясынан айыру туралы шағым Алматы сотына жолданды

2 087 просмотра

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті  Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына «Гүлнәр тур» ТК» ЖШС-ін туроператорлық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы шағым түсірді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Гүлнәр тур» туристік операторы туристер алдындағы міндетін абыроймен орындамай, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңдағы норманы бұзған», - делінген хабарламада.

Осыған дейін мәлім етілгендей, ҚР ІІМ Тергеу комитеті «Гүлнәр тур» туроператоры жетекшілігі тарапынан жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Құқық қорғау органдарына азаматтардың аталған туристік компанияға қатысты мәлімдемелері күн сайын түсіп жатады.

Еске сала кетейік, маусым айының соңында ҚР жүздеген азаматы «Гүлнәр тур» компаниясында туындаған проблемаға байланысты Түркия еліне демалуға уақтылы ұша алмай,  уақтылы келе алмай әбден әбігерге түскен еді.   Компанияның мұндай қызметінен келтірілген залал 30 миллион теңгеге бағаланды. Қазақстандықтарды елімізге қайтару үшін Көлік және коммуникация министрлігі арнайы рейстер ұйымдастырды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

29 шілде 2014, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.