Қырғыз Республикасының аумағында «Ала-Тоо» оқу орталығында бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ( ҰҚШҰ) бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық - 2014" оқу-жаттығуы басталады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС қарғыз қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның Бірлескен штабы мен хатшылығы қатысады деп күтілуде.
""Мызғымас бауырластық - 2014" жаттығуларында ең көбі Қазақстанның әскери бөлімшелері болады. Бізге осы елден жедел топ, батальон, десанттық шабуыл рота, инденерлік-саперлік взвод, медициналық взвод және әскери авиация келеді", - деп хабарлады Қырғызстан қорғаныс күштері бас штабының бастығы Асанбек Алымкожоев.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.