Атырау, 6 желтоқсан 03:42
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Шымкенттік жасөспірімнен қырым-қанды безгегі анықталды

5 808 рет қаралды

ОҚО Ордабасы ауданының 14 жасар тұрғынын кене шағып, ол ауруханаға түсті. Дәрігерлер науқастан қырым-қанды безгегінің белгілерін анықтап отыр деп хабарлайды Otyrar.kz.

Науқас кене шаққан соң ауруханаға арада 5 күн өткеннен кейін бір-ақ барған. Өзін жайсыз сезінгеннен соң ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінген көрінеді. Осыдан кейін дәрігерлер бұл жасөспірімді оқшаулап, облыстық жұқпалы дерт ауруханасына жатқызды.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде осыған ұқсас 4 жағдай тіркеліп отыр. Биыл осы уақытқа дейін 3 мыңнан аса адамды қансорғыш жәндік тістеп алса, былтыр бұл көрсеткіш 4 мың адамнан асып жығылған екен. Кенеден қорғану жұмыстары тамыз айының 15-нен 25-қыркүйекке дейін жалғасады.

Дереккөз: Baq.kz

29 шілде 2014, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.