Атырау, 25 қараша 17:37
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Винченцо Нибали "Тур де Франс" жеңімпазы атанды

1 189 просмотра

"Астана" велокомандасының капитаны Винченцо Нибали "Тур де Франс" суперкөпкүндігінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Тур де Франс" Парижде 137,5 шақырымдық спринтерлік кезеңмен мәреге жетті, оны Giant өкілі, неміс Марсель Киттель жеңіп алды. Одан кейін мәреге норвег Александр Кристофф ("Катюша") пен литвалық Рамунас Навардаускас (Garmin) келді.

"Тур де Франс"-тың бас классификациясында Винченцо Нибали 86 сағат 37 минут 52 секунд көрсеткішпен көш бастады. Екінші орын AG2R La Mondiale өкілі Кристоф Пероға (+7 минут 52 секунд), үшінші орын FDJ.fr шабандозы Тибо Пиноға (+8,24) тиді.

21-кезеңнің қорытындысы бойынша Нибали "Тур де Франстың" жалпы есебі көшбасшысының сары жейдесін сақтап қалды. Ол мұны екінші кезеңде киіп, бір-ақ рет шешкен болатын. Нибали суперкөпкүндіктің төрт кезеңінде жеңіп шығып, соңғы 40 жылдағы өзіндік рекордты орнатты. Шабандоз бұған дейін 2010 жылы "Вуэльта Испания", 2013 жылы "Джиро д‘Италия" суперкөпкүндіктерін бағындырған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 шілде 2014, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.