Қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов "Новая волна-2014" байқауында орын алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Байқаудың соңғы шешуші күні премьера-әндер орындалды.
Әлішер "Дзинтариде" Талант Арғынғали мен Ғалымбек Исімбергенов жазған "Әрине" атты әннің тұсауын кесті. Қазылар алқасы оған 67 балл берді.
Үш күннің қорытындысы бойынша байқауда Нуца Бузаладзе (Грузия) 228 ұпаймен бірінші орынға шықты. Одан кейінгі орындарға украиналық Виктория Петрик (226 балл) пен оның отандасы Вячеслав Рыбиков (224 балл) орналасты. Жеңімпаздар 27 шілде күні марапатталады.
Байқаудың бірінші күні әлемдік хиттер орындалған кезде Әлішер Кәрімов украиналық Вячеслав Рыбиковпен және Виктория Петрикпен бірге екінші орын алған еді, ал байқаудың дуэттер сынға түскен екінші күні біздің өнерпаз төртінші орынды місе тұтты.
"Новая волна-2014" байқауының қорытындысы:
1. Нуца Бузаладзе (Грузия) (228)
2. Виктория Петрик (Украина) (226)
3. Вячеслав Рыбиков (Украина) (224)
4. Моника Линките (Литва) (222)
5. Нодар Ревия (Ресей) (221)
6. Сона Рубенян (Армения) (220)
7. Sam On (Израиль) (216)
8. Юлия Плаксина (Ресей) (213)
9. Tyshawn Colguitt (США) (211)
10. Әлішер Кәрімов (Қазақстан) (210)
11. Стас Шуринс (Латвия) (207)
12. Лидия Исак (Молдова) (203)
13. Группа "О’Генри" (Ресей) (202)
14. Antonio Maggio (Италия) (201)
15. Style Mix триосы (Қырғызстан) (193)
16. Gladys Damaris (Германия) (187)
Жас орындаушылардың "Новая волна" халықаралық байқауында қазақстандықтар әлі күнге дейін алғашқы орынды иеленген емес. Rin’Go, Қайрат Түнтеков және The Jigits қана төртінші орын алған болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz