© Қостанай облыстық ІІДАСТАНА, 25 шіл –Қазақстан жаңалықтары АА. Рудный қаласының қамауға алынған тұрғыны 7 жасар Виктория Ганяны өлтіргенін мойындады, деп хабарлады жұмада Қостанай облысының прокуратурасы.
Естеріңізге сала кетейік, жеті жасар Виктория Ганя 24 сәуірде жоғалып кеткен болатын. Оны іздеу жұмысына полицейлермен қатар еріктілер де жұмылдырылды. Күдіктінің фотороботын сол күні аулада ойнап жүрген бүлдіршіндер құрастыруға көмектесті. Жоғалған қыздың мәйіті шамамен бір айдан соң 22 мамырда Рудный-Тобол тасжолы маңындағы иесіз ғимараттың ішінен табылды. Оны қызды іздестіруге көмектескен ерікті Владимир Радченко тауып алды.
«18 шілдеде П. есімді күдікті тану үшін Ч. және кәмелет жасына толмаған С. есімді куәгерлердің назарына ұсынылды. Куәгерлер қылмыскерді таныды. Ч. есімді куәгер П.-ны далада баланы жетектер бара жатқан адам ретінде танығанын алға тартты. Оның айтуынша, бала жігіттің қасында күштеп көндірусіз өзі келе жатқан, далада қатты жел болып, олар желге қарсы келе жатқандықтан, куәгер оларды есте сақтап қалыпты», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар баспасөз қызметінің хабарлауынша, С. есімді жеткіншек те П.-ның келбетін жақсы есте сақтап қалған екен. Осы азамат зардап шеккен қыз бен куәгердің қасына келіп, шаяндардың қайда екенін көрсетуді өтініпті. Келесі куәгер оны шаш қиысынан, бойынан, құлағынан, көзі мен жалпы бет пішінінен таныды.
«21 шілдеде П.-ның қатысуымен тергеліп жатқан іске қатысты орынды тексеру және нақтылау жұмыстары жүргізіліп, тұрғылықты орнына тінту жасалды. Өзге де іш-шаралар жүргізіліп, солардың қорытындысы негізінде қолда бар дәйектерді пайдалана отырып, күдіктіге ресми айып тағу мәселесі қарастырылатын болады», - деп көрсетілген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, бірқатар тергеу амалдары жасалып жатыр. Полицияның барлық іс-әрекеттері прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асуда.
Дереккөз: newskaz.kz