Өскемен. 25 шілде. ҚазТАГ – Электр энергиясы үшін ақы төлеуден жалтарып жүрген 7 тұтынушыларға Шығыс Қазақстан соты 5-тен 10 тәулікке дейін қамауға алу туралы шешім шығарып, тағы 7 тұтынушының ісін сотқа жіберді, деп хабарлады «Шығысэнерготрейд» ЖШС.
«7 тұтынушыға ҚР ҚК 362 б. (сот үкімін орындамау) бойынша шағымдар түсіріліп, оларға үлкен сомадағы айыппұлдар тағайындалып, бас бостандғынан 1 жылға дейін айыру, тағы 9 төлемей жүргенге әкмішілк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, оның ішінде жетеуі 5-тен 10 тәуләікке дейінгі әкімшілік қамауға алу, тағы екеуіне ірі сомадағы айыппұл салу шешімі қабылданды», - деп хабарлады энергоүнемдеуші мекемеден жұма күні.
Мысалы ретінде энергетиктер осы аптада 7 тәулікке қамауға алынған Семей тұрғынын келтірді. Ол қарызын төлемегені себепті оның пәтеріне қамау жарияланыпты.
Энергомекеменің мәліметтерінше, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан соттары 42 шешім, оның ішінде заңды тұлғаларға - Т94,5 млн, жеке тұлғаларға - Т16,4 млнсомаға шешім шығарыпты. Облыста электр энергиясы үшін 1 маусымға жалпы қарыз көлемі Т2,5 млрд.
Дереккөз: ҚазТАГ